Рыбакина қатысатын US Open турнирінде екі ширек финал жұбы белгілі болды
АҚШ ашық чемпионатында әйелдер арасындағы жекелей сында екі ширек финал жұбы анықталды. Елена Рыбакина бүгін Наоми Осакамен кездесіп, ширек финалға шығуға таласады.
АҚШ ашық чемпионатында әйелдер арасындағы жекелей сында ширек финалдың екі жұбы белгілі болды.
Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко чехиялық Линда Носковамен, ал америкалық Джессика Пегула отандасы Эмма Наварромен кездеседі. Бұл екі матч 8 қыркүйекке жоспарланған.
Турнирге қазақстандық теннисші Елена Рыбакина да қатысып жатыр. Ол бүгін, 7 қыркүйекте, жапониялық Наоми Осакамен ширек финал жолдамасын сарапқа салады.
Рыбакина WTA рейтингінде екінші орында тұр, ал Осака 13-орында орналасқан.
US Open турнирінің биылғы жүлде қоры 37 840 000 долларды құрайды. Жеңімпазға 5 500 000 доллар және 2000 рейтинг ұпайы беріледі.