Бабаян «Елімайды» ірі есеппен ұтқаннан кейін жеңістің сырын айтты
«Астана» бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан Премьер-лигасының 25-туры аясындағы «Елімайға» қарсы 4:0 есебімен аяқталған матчтан кейін пікір білдірді. Ол командасының ойындағы тәртібі мен екінші таймдағы қарқынын ерекше атады.
«Астана» бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан Премьер-лигасының 25-туры аясында «Елімайды» 4:0 есебімен жеңгеннен кейін ойынға баға берді.
Бабаянның айтуынша, кездесу алғашқы минуттардан-ақ тартысты өткен. Ол бастапқы бес-жеті минутта екі команда да нервіге беріліп, өте тығыз ойнағанын айтты. Одан кейін елордалықтар шамамен жиырма минут бойы ойынды бақылауға алып, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырған. Дегенмен бапкердің сөзінше, арада он-он бес минуттай уақыт ішінде ойыншылар артық қимылға барып, қос қателікке де жол берген.
Сол қателіктерден кейін «Астана» қайтадан қарқынын күшейтіп, бірінші таймның соңында он минуттық белсенді кезең өткізіп, екі гол соқты. Бабаян үзілісте футболшыларға 0:0 есебінің 2:0-ден де жақсы болатынын айтып, қарсыласқа қарсы бар күшті салу керегін ескерткенін жеткізді.
«Елімай» — ойыннан ерте бас тартатын команда емес, олардың мінезі бар екенін білеміз. Сондықтан екінші таймда өте сапалы футбол көрсеттік. Моменттер көп болды, тек екеуін ғана голға айналдырдық. Ал қарсыластың да бір-екі мүмкіндігі болды. Бірақ жалпы алғанда, біз бүгін әлдеқайда жақсы ойнадық», — деді Бабаян.
Сондай-ақ ол бұл ойынның «Астана» үшін де, әсіресе қарсылас үшін де маңызды болғанын атап өтті. Бапкер команда апта ішінде концертке байланысты басқа алаңда жаттыққанын, соған қарамастан футболшылардың еңбегі мен ынтасы нәтижеге тікелей әсер еткенін айтты.
Осы матчтан кейін «Астана» 23 ойыннан 45 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында келеді. «Елімай» 23 кездесуден кейін 32 ұпаймен алтыншы сатыда тұр.