weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Күрес 14
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Рахмонов Хабиб пен Махачевтен несімен ерекшеленетінін айтты

UFC-дегі қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов Иэн Мачадо Гэрримен жекпе-жекке жарақатпен шыққанына қарамастан неге бас тартпағанын түсіндірді. Ол мұны тәуекелі жоғары, бірақ қазақы мінезге сай шешім деп атады.

Рахмонов Хабиб пен Махачевтен несімен ерекшеленетінін айтты Рахмонов Хабиб пен Махачевтен несімен ерекшеленетінін айтты
Sports.kz

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) жарақатына қарамастан, ирландиялық Иэн Мачадо Гэрримен жекпе-жектен неге бас тартпағанын айтып берді.

Спортшының сөзінше, ол октагонға шығу туралы шешімді ұзақ үзілістен кейін жанкүйерлер алдындағы жауапкершілікті сезініп қабылдаған. Рахмонов өзін тәуекелге барып көретін мінезімен танытып, мұны «қазақы нұсқа» деп сипаттады.

«Мен жалпы Гэрримен жұдырықтаспауыма да болатын еді. Бірақ мен тәуекелге бардым, таза қазақы вариант. Қазақтар өте тәуекелшіл, қорықпайды. Ал егер басқа біреу болса, мысалы дағыстандық жігіттерден Хабиб, Ислам Махачев болса, олар анық бас тартар еді. Олар үшін бәрі дәл, бәрі мінсіз болуы керек. Мен Джефф Нилмен айқасқанда да ол 2 келі артық шықты. Мұндайда кім жұдырықтасады, сондай адамды көрсетіңізші. Көпшілік бас тартады. Менің де белдеспей-ақ гонорар алып кете салуыма болатын еді. Бірақ мен ұзақ уақыт жекпе-жек өткізбедім, сондықтан шығуым керек болды. Жанкүйерлер күтеді, бізде сондай жауапкершілік бар. Артқа шегінуге болмайды. Осындай жағдайда 80-90 пайыз спортшы бас тартар еді», — деді Рахмонов.

7 желтоқсан 2024 жылы UFC 310 турнирінде қазақстандық спортшы Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді. Бұл оның кәсіби мансабындағы соңғы жекпе-жек болып тұр: қазір Рахмонов тізесіне жасалған екінші операциядан кейін қалпына келіп жатыр.

.

Көп оқылды:

.
.