Күрес

Джордан Барроуз Мәскеудегі жеңістен кейін Махачевпен белдескісі келетінін айтты

Америкалық әйгілі балуан Джордан Барроуз Мәскеуде өткен RAF Moscow турнирінде Магомед Курбаналиевті 10:0 есебімен ұтты. Жеңістен соң ол UFC чемпионы Ислам Махачевпен схватка өткізгісі келетінін мәлімдеді.

Тәжірибелі америкалық балуан Джордан Барроуз Мәскеуде өткен еркін күрестен RAF Moscow турнирінде ресейлік Магомед Курбаналиевтен айқын басым түсті.

Барроуз қарсыласын 10:0 есебімен жеңіп, кездесу соңында UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачевпен кездескісі келетінін ашық айтты.

Айта кетсек, Джордан Барроуз — 2012 жылғы Олимпиада чемпионы әрі алты дүркін әлем чемпионы.

Магомед Курбаналиев те тәжірибелі балуан саналады: ол 2016 жылы әлем чемпионатында топ жарған, сондай-ақ 2014 және 2018 жылдары Еуропа чемпионатында жеңіске жеткен.