weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Күрес 14
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Саят Абдуали Ташкенттегі басты жекпе-жекте белбеуін сәтті қорғады

Ташкентте өткен Octagon 91 турнирінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Саят Абдуали өзбек файтері Асадбек Саидовты жеңді. Ол қарсыласын екінші раундта тұншықтыру әдісімен ұтып, чемпиондық атағын сақтап қалды.

Саят Абдуали Ташкенттегі басты жекпе-жекте белбеуін сәтті қорғады Саят Абдуали Ташкенттегі басты жекпе-жекте белбеуін сәтті қорғады
Sports.kz

Ташкентте өткен Octagon 91 турнирінде қазақстандық Саят Абдуали кештің басты жекпе-жегіне шықты.

Ол өзбекстандық Асадбек Саидовпен кездесіп, жеңіл салмақтағы Octagon лигасының чемпиондық белбеуін қорғады. Бұл айқас бес раундқа жоспарланған еді.

Жекпе-жек екінші раундта-ақ аяқталды. Абдуали қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңіп, мерзімінен бұрын басым түсті.

Осы нәтиженің арқасында Саят Абдуали кәсіби мансабындағы оныншы жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық белбеуін сәтті сақтап қалды. Ал Асадбек Саидов алғаш рет жеңіліс тапты.

Абдуали кәсіби ММА-да 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

.

Көп оқылды:

.
.