weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Үлкен теннис 12
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Джокович мансабын жалғастыратынын айтты

Новак Джокович US Open-2026 жарысынан ерте ұтылса да, келесі маусымда өнер көрсетуді жалғастырмақ ниетін жеткізді. Ол мансабын жалғастыру мәселесін командасымен ақылдасатынын айтты.

Джокович мансабын жалғастыратынын айтты Джокович мансабын жалғастыратынын айтты
Sports.kz

Сербияның атақты теннисшісі Новак Джокович US Open-2026 турниріндегі жеңілістен кейін мансабын жалғастыру жоспары туралы пікір білдірді.

«Көрерміз, мұны командаммен талқылауым керек. Бірақ бұл мен «Үлкен дулыға» турнирлерін өткізіп жіберемін деген сөз емес. Мен әлі де «Үлкен дулыға» жарыстарында толық маусым өткізуге ниеттімін және келесі жылы да ойнауды жоспарлап отырмын. Мұны жүзеге асыра аламыз ба, соны көрейік. Мэйджорлар — біздің спорттың негізгі тіректері әрі мен үшін ең маңызды жарыстар», — деді Джокович.

US Open-2026-ның алғашқы айналымында ол әлемнің 49-ракеткасы, 25 жастағы аргентиналық Мариано Навоноға сенсациялық түрде есе жіберді. Кездесу бес сетке созылып, 6:7 (5:7), 7:5, 6:4, 2:6, 1:6 есебімен аяқталды.

Нью-Йорктегі Артур Эш стадионында өткен матч 4 сағат 36 минутқа жалғасты. Осы уақыт ішінде тәжірибелі сербтің денсаулығына байланысты қиындықтары да болғаны айтылды.

.

Көп оқылды:

.
.