Қазақстандық шабандоздар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық марафонда топ жарды
Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық шабандоздар 300 шақырымдық ат марафонында мәре сызығын бірінші болып кесті. Жарыстың жалпы есебінде де Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті.
Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық ат марафоны аяқталды. Қазақстан құрамасы төрт күнге созылған бәйгеде мәреге бірінші жетіп, жалпы есепте ең жоғары нәтиже тіркеді.
Бұл жарыста Қырғызстан өкілдері екінші және үшінші орындарды иеленді.
Қазақстан командасының сапында Ержан Ернар, Төлебай Жарас, Ыдырыс Жақсылық, Рейімбай Қанат және Есен Ахмет өнер көрсетті.
Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан спортшысы Вадим Макарцов Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы Алыптар сайысында қола медаль жеңіп алған еді.