weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Жаңалықтар 14
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандық шабандоздар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық марафонда топ жарды

Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық шабандоздар 300 шақырымдық ат марафонында мәре сызығын бірінші болып кесті. Жарыстың жалпы есебінде де Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті.

Қазақстандық шабандоздар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық марафонда топ жарды Қазақстандық шабандоздар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық марафонда топ жарды
Qazinform

Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық ат марафоны аяқталды. Қазақстан құрамасы төрт күнге созылған бәйгеде мәреге бірінші жетіп, жалпы есепте ең жоғары нәтиже тіркеді.

Бұл жарыста Қырғызстан өкілдері екінші және үшінші орындарды иеленді.

Қазақстан командасының сапында Ержан Ернар, Төлебай Жарас, Ыдырыс Жақсылық, Рейімбай Қанат және Есен Ахмет өнер көрсетті.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан спортшысы Вадим Макарцов Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы Алыптар сайысында қола медаль жеңіп алған еді.

.

Көп оқылды:

.
.