Күрес

Елдос Сметов 2028 жылғы Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы ойындарға баруды жоспарлап отыр. Ол үлкен спорттағы мансабын жалғастыруға шешім қабылдағанын айтты.

2024 жылғы Олимпиада чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысуды көздеп отыр.

Спортшы үлкен спорттағы мансабын жалғастыру туралы шешім қабылдағанын айтып, төртінші Олимпиадаға баруға мүмкіндік бар екенін жеткізді.

Сметовтің сөзінше, ол дзюдода әлі де өзіне тиесілі алтынды алу үшін күресуді тоқтатпайды. «Мен сол алтынды соңына дейін алып шығуым керек. Өйткені мен ол үшін алтыннан да қымбат нәрселерді — өз денсаулығымды — құрбан етіп жүрмін», — деді ол.

Елдос Сметов жазғы Олимпиада ойындарына үш рет қатысып, жүлделердің толық жиынтығын иеленді. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода күміс медаль алды, Токиода қола жүлдеге қол жеткізді.

Ал Париждегі 2024 жылғы Олимпиадада француз дзюдошысы Лука Мхеидземен өткен шешуші белдесуде жеңіске жетіп, тарихи алтын медальға ие болды. Осылайша, ол Қазақстан тарихындағы дзюдодан алғашқы Олимпиада чемпионы атанды.