Футбол

Юлия Мясникова Ресей чемпионатында «Динамоға» жеңіс сыйлады

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Юлия Мясникова Ресей чемпионатында «Динамоның» жеңіс голын соқты. Ол «Крылья Советовқа» қарсы кездесуде матчтың басында-ақ мергендік танытты.

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Юлия Мясникова Мәскеудің «Динамосына» Ресей чемпионатының 18-туры аясында Самардың «Крылья Советов» командасын жеңуге көмектесті.

Кездесу 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Жеңісті қамтамасыз еткен жалғыз гол 1-минутта соғылды: Мясникова бұрыштамадан асырылған пасты дәл бағып, қарсыласынан бұрын жетіп, допты баспен қақпаға енгізді.

Қазақстандық қорғаушы матчты негізгі құрамда бастап, алаңда толық 90 минут ойнады.

Осы ойыннан кейін «Динамо» 16 матчта 25 ұпай жинап, турнирлік кестенің алтыншы сатысына көтерілді. «Крылья Советовтың» еншісінде 27 ұпай бар, команда бесінші орында тұр.