weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Жаңалықтар 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында медаль кестесінде көш бастады

4 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медаль кестесінде алға шықты. Қоржында 25 алтын, 13 күміс және 17 қола медаль бар.

Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында медаль кестесінде көш бастады Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында медаль кестесінде көш бастады
Sports.kz

4 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медаль кестесінде көш бастады.

Қазақ спортшылары әзірге 55 медаль жеңіп алды: 25 алтын, 13 күміс және 17 қола. Осы нәтижемен Қазақстан жарыс қожайыны Қырғызстанды артта қалдырды.

Қырғызстан қоржынында 58 медаль бар: 23 алтын, 24 күміс және 11 қола. Үздік үштікті 24 медаль жинаған Ресей түйіндеп тұр: 5 алтын, 6 күміс және 13 қола.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамызда басталып, 6 қыркүйекте аяқталады. Додаға әлемнің 113 елінен шамамен 3000 спортшы қатысып, 43 сайыс түрі бойынша медальдар сарапқа салынып жатыр.

.

Көп оқылды:

.
.