Қазақстандық Қанат Бақтыбай Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында теңге ілу жарысының жеңімпазы атанды.
Бәсекеге 10 елден келген үздік спортшылар қатысып, тартысты сайыс өрбіді. Бақтыбай шеберлігі мен ептілігін көрсетіп, ең үздік нәтиже тіркеді.
Осылайша, ол Қазақстан қоржынына теңге ілу жарысындағы басты жүлдені салды.
Айта кетейік, Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық Серікболсын Жалғасұлы да құсбегілік сайысында алтын медаль жеңіп алған еді.