«Сарыарқа» «Бейбарысты» овертаймда жеңді
Қазақстан чемпионатында Қарағандының «Сарыарқасы» Атыраудың «Бейбарысын» 3:2 есебімен ұтты. Жеңіс шайбасын овертаймда Егор Наместников соқты.
Қазақстан чемпионатындағы матчта Қарағандының «Сарыарқасы» өз айдынында Атыраудың «Бейбарысын» 3:2 есебімен овертаймда жеңді.
Кездесудің алғашқы кезеңінде есепті карағандылық Эдгарс Сиксна ашты. Ол сан басымдығында дәл соққы жасады.
Екінші кезеңде «Сарыарқаның» Евгений Королинскийі мен «Бейбарыстың» Евгений Гасниковы шайба алмасты. Үшінші кезеңде Гасников есепті теңестіріп, ойын қосымша уақытқа ұласты.
Овертаймда шешуші шайбаны Егор Наместников салып, алаң иелеріне жеңіс сыйлады.
5 қыркүйекте «Сарыарқа» «Ақтөбемен» кездеседі, ал «Бейбарыс» петропавлдық «Құлагерге» қарсы ойнайды.