Дана Уайт Умар Нұрмағомедовтың нокаутпен жеңілгеніне пікір білдірді
UFC басшысы Дана Уайт Умар Нұрмағомедов пен Сонг Ядонг жекпе-жегінен кейін қытайлық спортшының өнерін ерекше атап өтті. Шайқас Шанхайда өтіп, екінші раундта нокаутпен аяқталды.
UFC басшысы Дана Уайт Умар Нұрмағомедовтың Сонг Ядонгтан ауыр жеңілісінен кейін пікір білдірді.
— Просто вау! Сонг выглядел невероятно и сделал всё, что от него требовалось в своей родной стране. Лучшей победы и быть не могло! — деді Уайт.
Бұл жекпе-жек 29 тамызда Шанхайда өткен UFC Fight Night 286 турнирінде өтті. Қытайлық Сонг Ядонг екінші раундта нокаутпен басым түсті.
Айта кетейік, айқас алдында Умар Нұрмағомедов UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде үшінші орында тұрған және фаворит саналған.