«Аталанта» «Болоньяны» 96-минуттағы голмен ұтты, «Қайратпен» ойнайды
Алматылық «Қайраттың» Конференциялар лигасындағы қарсыласы «Аталанта» Италия чемпионатының екінші турында «Болоньяны» 1:0 есебімен жеңді. Жеңіс голын Лазар Самарджич негізгі уақытқа қосылған алтыншы минутта соқты.
«Аталанта» Бергамода өткен кездесуде «Болоньяны» 1:0 есебімен ұтып, Италия чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді.
Матчтың тағдырын Лазар Самарджич шешті. Ол ойынның 22 минутына ғана қосылып, екінші таймның қосылған алтыншы минутында Николa Залевскидің пасынан кейін гол соқты.
Осылайша, «Аталанта» екі турдан кейін алты ұпай жинап, Серия А кестесінде бесінші орынға көтерілді. Бергамо командасы бұған дейін «Сассуолоны» 2:1 есебімен жеңген еді.
Ал «Болонья» қатарынан екінші рет ұтылып, ұпайсыз күйде 15-сатыда қалды. Бірінші турда команда «Лациодан» 0:1 есебімен жеңілген болатын.
27 тамызда «Аталанта» Конференциялар лигасының плей-офф кезеңінің жауапты ойынында «Хапоэль» Тель-Авивті 1:0 есебімен тізе бүктіріп, жалпы кезеңге өтті. Сол кезеңде италиялық клуб «Қайратпен» кездеседі. Қос тараптың матчы 5 қарашада Бергамода өтеді.