weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:20 / SportRoom / Үлкен теннис 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Opta: Рыбакина US Open-2026 додасының басты фавориттерінің бірі

Суперкомпьютер Елена Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатындағы мүмкіндігін жоғары бағалады. Қазақстандық теннисші титулға үміткерлер арасында екінші орында тұр.

Opta: Рыбакина US Open-2026 додасының басты фавориттерінің бірі Opta: Рыбакина US Open-2026 додасының басты фавориттерінің бірі
Sports.kz

Суперкомпьютер Opta 2026 жылғы US Open турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның жеңіске жету мүмкіндігін бағалады. Оның есебі бойынша, Рыбакина титулға басты үміткерлердің қатарында тұр.

Материалда әйелдер арасындағы сетканың ерлер жарысына қарағанда әлдеқайда ашық екені айтылған. Себебі төрт теннисші де турнирден кейін әлемдік рейтингтің көшін бастау мүмкіндігін сақтап отыр.

«Ешкімнің титул алуға анық басымдығы жоқ», — делінген Opta Analyst материалында.

Есепке сәйкес, қазіргі әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко — басты фаворит. Оның чемпион атану ықтималдығы 9,6% деп бағаланған. Рыбакина 8,6% көрсеткішпен екінші орында тұр. Одан кейін Джессика Пегула — 6,0%, Ига Швёнтек — 5,9%, Каролина Мухова — 5,7%.

Сонымен бірге, суперкомпьютер көшбасшыларға да толық сенім білдірмейді. Opta болжамынша, Соболенконың төртінші айналымға шығу ықтималдығы 46,9%, Рыбакинанікі — 48,2%, ал Пегуланікі — 43,8%.

Opta турнирді 10 000 рет модельдеу арқылы әр теннисшінің жекелеген кезеңдерден өту мүмкіндігін, олардың күшін, сеткадағы орнын және ықтимал қарсыластарын ескерген.

US Open-2026 жарысында Рыбакина екінші нөмірлі сеянды иеленсе, Соболенко — бірінші, Пегула — үшінші нөмірмен тіркелген.

.

Көп оқылды:

.
.