weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:20 / SportRoom / Үлкен теннис 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Александр Шевченко US Open-нің алғашқы айналымында екі матчболды пайдалана алмады

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко АҚШ ашық чемпионатын алғашқы айналымда аяқтады. Ол хорват Дино Прижмичтен бес сетке созылған тартысты ойында жеңіліп қалды.

Александр Шевченко US Open-нің алғашқы айналымында екі матчболды пайдалана алмады Александр Шевченко US Open-нің алғашқы айналымында екі матчболды пайдалана алмады
Sports.kz

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко АҚШ ашық чемпионатында сәтсіз өнер көрсетті. Әлемдік рейтингте 97-орында тұрған отандасымыз алғашқы айналымнан аса алмады.

Шевченко хорватиялық Дино Прижмичпен кездесіп, тартысты бәсекеде 6:2, 3:6, 3:6, 7:5, 5:7 есебімен жеңілді. Ойын 3 сағат 55 минутқа созылды.

Александр Шевченко матч барысында екі матчболды жүзеге асыра алмады.

Осылайша, Шевченко турнирдегі жорығын ерте аяқтады, ал Прижмич екінші айналымға өтті. Ол келесі кезеңде Коулмен Вонг пен Томми Пол жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, Александр Шевченко ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстанның екінші ракеткасы саналады. Бұл көрсеткіш бойынша ол тек Александр Бубликке ғана жол береді.

.

Көп оқылды:

.
.