«Ордабасы» «Қызылжарды» 3:0 есебімен ұтып, көш басындағы орнын нығайтты
Шымкенттің «Ордабасы» клубы Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясында Петропавлдың «Қызылжарын» 3:0 есебімен жеңді. Бұл нәтиже командаға 55 ұпай жинап, «Қайраттан» жеті ұпайға ұзап кетуге мүмкіндік берді.
Шымкенттің «Ордабасы» командасы Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында өз алаңында петропавлдық «Қызылжарды» қабылдап, сенімді жеңіске жетті.
Кездесу Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионда өтті. Ойынды Қокшетаудан келген Антон Кучма бастаған төрешілер бригадасы басқарды.
Матчтың 9-минутында Лео Натель айып алаңына жасалған пасадан кейін есеп ашты. Қонақтар таразы басын теңестіруге тырысқанымен, бірінші таймда есеп өзгермеді.
Екінші таймда Давид Абагна қақпашымен бетпе-бет шығып, мүмкіндігін мүлт жібермеді. Ал 76-минутта Эвертон соңғы нүктені қойып, «Ордабасының» ірі жеңісін ресімдеді — 3:0.
«Ордабасы» — «Қызылжар» 3:0 (1:0)
Голдар: Натель 9 (1:0), Абагна 64 (2:0), Эвертон 76 (3:0).
Осы нәтижеден кейін «Ордабасының» еншісінде 55 ұпай болды. Шымкент клубы екінші орында тұрған «Қайраттан» жеті ұпай алға шықты, алайда алматылықтардың екі ойыны артық.