weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Бокс 9
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Санжар Тәшкенбай Азия ойындары-2026-ға бармайтынын айтты

Екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Астанадағы IBA Nomad турнирінен кейін өткен баспасөз мәслихатында 2026 жылғы Азия ойындарына қатыспайтынын мәлімдеді. Спортшы мұның себебі салмақ санатына байланысты екенін айтты.

Санжар Тәшкенбай Азия ойындары-2026-ға бармайтынын айтты Санжар Тәшкенбай Азия ойындары-2026-ға бармайтынын айтты
Sports.kz

Екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Астанада өткен IBA Nomad турниріндегі жеңісінен кейінгі баспасөз мәслихатында 2026 жылғы Азия ойындарына бармайтынын айтты.

«Азия ойындарына бармаймын, менде ол салмақ жоқ», — деді спортшы.

Кеше Астанадағы турнирде Тәшкенбай кәсіпқой рингтегі дебюттік жекпе-жегін филиппиндік Нил Хакамосқа қарсы өткізді. Бірінші аса жеңіл салмақта өткен 10 раундтық бұл кездесу бокс кешінің басты айқасы болды.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы бесінші және сегізінші раундтарда қарсыласын нокдаунға жіберді. Қорытындысында төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, IBF Asia чемпионы атағын иеленді.

Тәшкенбайдың өзіне ыңғайлы жеңіл салмақ дәрежесі — 50 килограмға дейін — 2025 жылдың қыркүйегінде ХОК пен World Boxing реформалары кезінде Олимпиада және Азия ойындары бағдарламасынан алып тасталған еді. Осы шешімнен кейін ерлер арасындағы ең жеңіл олимпиялық салмақ 55 килограмнан басталады.

.

Көп оқылды:

.
.