Бокс

Бивол мен Смит титулдық жекпе-жек өткізуге келісті

WBO президенті Густаво Оливьери Дмитрий Бивол мен Каллум Смиттің чемпиондық айқастың уақыты мен өтетін орнын келісіп қойғанын хабарлады. Бұл жекпе-жек жартылай ауыр салмақтағы белбеулер үшін өтеді.

WBO президенті Густаво Оливьери жартылай ауыр салмақтағы абсолютке жақын чемпиондардың бірі Дмитрий Бивол мен міндетті үміткер Каллум Смит титулдық жекпе-жек өткізуге келісімге келгенін мәлімдеді.

Айқас 79,2 келіге дейінгі салмақта өтеді. Бивол қазіргі таңда WBA Super, IBF, WBO, The Ring және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы болып тұр.

Оливьери қос тарап жекпе-жектің нақты күні мен өтетін орнын да өзара пысықтап қойғанын атап өтті.