Бокс

WBA Санжар Тәшкенбайдың Астанадағы титулдық жекпе-жегін ресми жариялады

Әлемдік бокс қауымдастығы қазақстандық Санжар Тәшкенбайдың Астанада өтетін титулдық айқасын ресми түрде жария етті. Бұл жекпе-жекте ол WBA Asia белбеуіне таласады.

Әлемдік бокс қауымдастығы (WBA) екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайдың алдағы титулдық жекпе-жегін ресми түрде хабарлады. Айқас Астанада өтеді.

WBA-ның жазуынша, Санжар Тәшкенбай мен филиппиндік Нил Хакамос салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Қазақстандық боксшы 107,7 фунт, ал қарсыласы 107,6 фунт көрсетті.

Ұйымның хабарламасында Тәшкенбайдың әуесқой бокстағы жетістіктері ерекше аталып, оның кәсіби рингтегі дебютінен кейін енді WBA Asia титулын жеңіп алуға талпыныс жасайтыны айтылды. Қарсылас ретінде тәжірибелі филиппиндік Нил Хакамос көрсетілді.

28 тамызда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында IBA Nomad атты халықаралық бокс кеші өтеді. Тәшкенбай мен 25 жастағы Нил Хакамостың 10 раундтық кездесуі турнирдің басты жекпе-жегі болмақ.

Бұл айқаста бос тұрған WBA Asia тұжырымы бойынша бірінші ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынады.