WBO президенті Ломаченконың Пуэрто-Рикода жүргенін растады
WBO басшысы Густаво Оливери Василий Ломаченконың Пуэрто-Рикода тұрып жатқанын және жергілікті залда жаттығып жүргенін айтты. Әзірге оның келесі жекпе-жегі жөнінде ресми шешім жоқ.
Әлемдік бокс ұйымының президенті Густаво Оливери бұрынғы әлем чемпионы Василий Ломаченконың қазір Пуэрто-Рикода екенін растады.
Оливеридің айтуынша, Ломаченко жергілікті бокс залдарының біріне тұрақты барып, жаттығуын жалғастырып жүр. Сондай-ақ ол WBO ұйымына балаларға арналған іс-шараға қатысуға және Абдулламен жүздесуге ниетті екенін хабарлаған.
«Мен оның қазір Пуэрто-Рикода тұратынын және жергілікті бокс залында үнемі жаттығып, бабын сақтап жүргенін растай аламын. Василийдің өзі WBO-ға балаларға арналған іс-шараға қатысып, сол жерде Абдулламен кездесуге қызығушылық танытқанын және дайын екенін айтты. Ломаның келуі — шынымен де айрықша оқиға әрі барлық қатысушыға үлкен шабыт көзі. Лома — Суарес жекпе-жегі туралы әртүрлі хабарлар бар, бірақ әзірге ресми немесе расталған ештеңе жоқ. Қазір бұл — тек болжам. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы белбеуіне міндетті үміткер Чарли Суарес болып саналады», — деді Оливери.
Василий Ломаченко 2025 жылғы 5 маусымда, 37 жасында, арқа жарақатына байланысты мансабын аяқтағанын ресми түрде жариялаған еді. Алайда биыл мамыр айында ол қайтадан шаршы алаңға оралуға шешім қабылдаған.
Ломаченко әуесқой бокста 396 жеңіс, 1 жеңіліс көрсеткішіне қол жеткізіп, 2008 және 2012 жылдары Олимпиада чемпионы атанды. Кәсіби рингте ол небәрі 12 жекпе-жектің ішінде полулегкий, екінші полулегкий және жеңіл салмақ дәрежелерінде WBO, WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы болды.
Оның соңғы жекпе-жегі 2024 жылғы мамырда өтіп, Джордж Камбососты нокаутпен жеңген болатын.