Свитолина мен Монфис US Open-2026 миксінде жартылай финалға шықты
Элина Свитолина мен Гаэль Монфис жұбы US Open-2026 турнирінің аралас жұптық сынында жартылай финалға жолдама алды. Олар ширек финалда Катержина Синякова мен Генри Паттенді үш сетке созылған тартыста жеңді.
Украиналық теннисші Элина Свитолина мен француз Гаэль Монфис аралас жұптық сында US Open — 2026 турнирінің жартылай финалына өтті. Олар ширек финалда Чехия өкілі Катержина Синякова мен Ұлыбритания теннисшісі Генри Паттенді қапы қалдырды.
Кездесу 1 сағат 38 минутқа созылып, 5:4 (8:6), 4:5 (3:7), [10:8] есебімен аяқталды.
Матч барысында Синякова мен Паттен бес эйс жасап, бір қос қате жіберді және бес брейк-пойнттің біреуін пайдаланды. Ал Свитолина мен Монфис бір де бір эйс орындаған жоқ, екі қос қате жіберді және екі брейк-пойнттің біреуін жүзеге асырды.
Катержина Синякова қазір жұптық сында әлемнің бірінші ракеткасы саналады және «Үлкен дулыға» турнирлерінің 11 мәрте чемпионы. Генри Паттен бұған дейін жұптық сында үш мэйджор ұтқан.
Айта кетейік, бұл жұп US Open миксінің негізгі сеткасына өту үшін іріктеуден өткен еді.