Қазақстандық жеңіл атлет Юлия Башманова Ташкентте өтіп жатқан Ашық Азия чемпионатында 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруде жеңіске жетті.
Башманова қашықтықты 13,75 секундта жүгіріп өтіп, мәреге бірінші болып келді. Екінші орын Өзбекстан өкілі Лидия Подсепикинаға бұйырды — оның нәтижесі 13,84 секунд.
Антонина Чернышова да жүлдеге қол жеткізді. Ол 14,58 секунд көрсетіп, үшінші орыннан көрінді.
Бұған дейін осы жарыста қазақстандық желаяқ Давид Ефремов қола медаль еншілесе, Улоболсын Есиркеп алтын медаль жеңіп алған еді.