Қазақстандық жеңіл атлет Улболсын Есіркеп Ташкентте өтіп жатқан Ашық Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Ол найза лақтыру сайысында 38,85 метр көрсеткішпен қарсыластарынан озып, бірінші орынға көтерілді.
Жарыста екінші және үшінші орындарды өзбекстандық спортшылар Анна Чикалова мен Зульфия Иброгимова иеленді. Олардың нәтижелері тиісінше 35,08 және 35,06 метр болды.
Бұған дейін қазақстандық жеңіл атлет Давид Ефремов қола медаль алған еді.