Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің миксіне қатыспайды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open-2026 жарысында аралас жұптық сында өнер көрсетпейді. Бұған Цинциннатидағы матчта алған сол жақ тобық жарақаты себеп болды.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі аралас жұптық сайысқа қатыспайды. Ол бұл жарыста америкалық Тейлор Фритцпен бірге ойнауы тиіс болған.
Алайда Рыбакина жарақатына байланысты тізімнен алынып, Фритцтің серіктесі ретінде америкалық Джессика Пегула тіркелді.
Теннисші сол жақ тобығын Цинциннатидағы WTA 1000 турнирінің ширек финалында поляк Ига Швентекке қарсы матчта жарақаттап алды. Есеп 1:4 болғанда Рыбакина өзіне жайсыздық сезініп, кездесуді жалғастыра алмады.
Бұл матч небәрі 29 минутқа созылды. US Open аясындағы микст жарысы 24-26 тамыз аралығында өтеді.
Елена Рыбакинаның үлкен дулыға турнирінің жекелей сынында ойнайтыны туралы шешім әзірге ресми жарияланған жоқ.