weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Күрес 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Фатима Супығалиева жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын алды

Қазақ дзюдошысы Фатима Супығалиева Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 52 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Бұл жүлде Қазақстан дзюдосы тарихындағы ерекше жетістікке айналды.

Фатима Супығалиева жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын алды Фатима Супығалиева жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын алды
Sports.kz

Қазақстандық дзюдошы Фатима Супығалиева Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

16 жастағы спортшы 52 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетті. Финалда ол украиналық Ксения Кирильчукпен белдесіп, негізгі уақыт ішінде жеңімпаз анықталмады.

Қосымша уақытта, яғни golden score кезеңінде Фатима қарсыласына әдіс жасап, иппонмен басым түсті. Шешуші сәттің видеосы да жарияланды.

Бұл алтын медальдің тарихи мәні бар: Фатима Супығалиева Қазақстаннан дзюдодан әйелдер арасында барлық жас санаттарын қоса есептегендегі тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатында дзюдодан екінші алтын медалін жеңіп алды.

.

Көп оқылды:

.
.