Күрес

Супығалиева Қазақстан әйелдер дзюдосындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды

52 келіде сынға түскен Супығалиева финалда Украина өкілі Ксения Кирильчукты жеңіп, Қазақстанға әйелдер дзюдосындағы алғашқы әлем чемпиондық алтынын сыйлады. Екінші жарыс күнінде қазақстандықтар тағы үш жүлде қосты.

52 келі салмақта белдескен Супығалиева финалда Украина спортшысы Ксения Кирильчукпен кездесіп, алтын ұпайда иппон арқылы жеңіске жетті.

Бұл жетістік Қазақстан әйелдер дзюдосы үшін тарихи белес болды: бұған дейін ел намысын қорғаған ешбір спортшы әлем чемпионатында алтын медаль алмаған.

Жарыстың екінші күнінде Қазақстан құрамасы тағы үш жүлдемен толықты. Инжу Жұмажан 57 келіде күміс медаль жеңіп алса, Ерік Үсенов (66 келі) пен Бекәлі Еркен (73 келі) қола жүлдеге ие болды.

Екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы есепте екі алтын, үш күміс және төрт қола медальмен көш бастап тұр. Біріншілікке 59 елден 457 спортшы қатысып жатыр, жарыс 23 тамызда аяқталады.