weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:20 / SportRoom / Үлкен теннис 3
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Польшада Рыбакинаның матчты жалғастырмауына пікір білдірді

Польялық журналист Елена Рыбакинаның Цинциннатидегі Ига Швёнтекке қарсы ширек финалды жарақатына байланысты аяқтай алмағанын айтты. Ойын 1:4 есебімен тоқтап, қазақстандық теннисші матчтан шығып қалды.

Польшада Рыбакинаның матчты жалғастырмауына пікір білдірді Польшада Рыбакинаның матчты жалғастырмауына пікір білдірді
Sports.kz

Польялық журналист Лукаш Яхимяк Цинциннати қаласындағы WTA 1000 турнирінің ширек финалында Елена Рыбакина мен Ига Швёнтек арасындағы кездесу мерзімінен бұрын аяқталғанына қатысты пікір білдірді.

«Ига Швёнтек — Елена Рыбакина 4:1 және келесі геймде 40:40 кезінде қарсыластың бас тартуы. Өкінішті. Рыбакина US Open-ге дайын болады деп үміттенемін, әрі Иганың толық матч ойнай алмағаны да өкінішті, өйткені оның кезекті өте жақсы ойыны болатыны байқалып тұрды», — деп жазды Яхимяк.

Кездесу бірінші сетте Рыбакинаның 1:4 есебімен ұтылып жатқан тұсында тоқтады. Қазақстандық теннисші аяғындағы жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады.

Осы турнирге дейін Рыбакина WTA рейтингінде алғаш рет көш бастау мүмкіндігін сақтап келген еді. Ол бірінші орынға шығу үшін Цинциннатиде финалға дейін жетуі керек болатын, алайда жарыстан шығып қалуына байланысты бұл мүмкіндік жүзеге аспады.

Еске салайық, Рыбакина осы матчқа дейін әлемдік рейтингте жоғары орынға көтерілуге үмітті еді.

.

Көп оқылды:

.
.