«Қайрат» Конференция лигасының жалпы кезеңінде кімдермен ойнауы мүмкін
Алматылық клуб Еуропа лигасынан шығып қалған жағдайда Конференция лигасының негізгі кезеңінде кездесуі ықтимал қарсыластарын білді. Қазір «Қайраттың» рейтингi 11.000 болып тұр.
«Қайрат» Еуропа лигасынан шығып қалған жағдайда Конференция лигасының жалпы кезеңінде кімдермен кездесуі мүмкін екенін білді.
Алматылық клубтың рейтингi — 11.000. Қазіргі сәтте ол жеребеде 4-ші және 5-ші себеттің аралығында орналасқан.
Бірінші себеттегі ең танымал команда — Италияның «Аталанта» клубы. Сондай-ақ бұл себеттен португалиялық «Брага», шотландиялық «Рейнджерс», нидерландылық «Аякс», немістің «Фрайбургі» немесе француздың «Монакосы» түсуі мүмкін. Екінші себетте Данияның «Копенгагені», Чехияның «Викториясы» (Пльзень) және Әзербайжанның «Қарабағы» бар.
Үшінші себетте ағылшынның «Брайтоны», төртіншісінде испанның «Хетафесі», бесіншісінде түріктің «Трабзонспоры» тұр. Ал алтыншы себеттен «Қайрат» үшін ең жоғары рейтингке ие ықтимал қарсылас — Швейцарияның «Туны».
Айта кетейік, әзірге «Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсетіп жатыр. Рафаэль Уразбахтиннің командасы алғашқы ойында өз алаңында бельгиялық «Андерлехттен» 0:3 есебімен ойсырай ұтылған болатын.