weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Футбол 3
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дастан Сатпаев «Бернлидегі» алғашқы әсерімен бөлісті

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев жаңа клубы «Бернлидегі» алғашқы күндері туралы айтып, бапкер Ники Хайенмен тіл табысқанын жеткізді. Ол Чемпионшипті Англия футболына бейімделуге жақсы мүмкіндік деп санайды.

Дастан Сатпаев «Бернлидегі» алғашқы әсерімен бөлісті Дастан Сатпаев «Бернлидегі» алғашқы әсерімен бөлісті
Sports.kz

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев «Челсиден» ауысқаннан кейін «Бернли» клубының баспасөз қызметіне алғаш рет сұхбат берді. Жас футболшы жаңа ортаға тез үйреніп келе жатқанын айтты.

«Алғашқы күндерім өте жақсы өтті, өйткені жігіттер өте жылы қарсы алды. Қай жағынан да көмектесуге дайын, үнемі жағдайымды сұрап тұрады. Сондықтан мұнда болғаныма, осы клубтың бір бөлігіне айналғаныма қуаныштымын», — деді Сатпаев.

Ол команданың ішінде өзімен бірге келген жас ойыншылардың көп болуы да бейімделуді жеңілдеткенін атап өтті. Футболшының айтуынша, жаңа әріптестері бір-біріне үнемі қолдау көрсетіп, қажет жерде ақыл айтып отырады.

Сатпаев бас бапкер Ники Хайенмен қарым-қатынасы да жақсы екенін жеткізді. «Бапкер өте жақсы. Екеуіміздің арамызда байланыс жақсы. Ол менің келгеніме қуанышты екенін айтты. Мұндай сөздер бапкер тарапынан естілуі өте маңызды», — деді ол.

Шабуылшы «Челсиден» жалға өтуін де орынды қадам деп санайды. Оның пікірінше, Чемпионшипте ойнау оған ағылшын футболының қарқынына бейімделуге көмектеседі. Сонымен бірге, ол бұл лигада әр 3–4 күн сайын матч өтетінін, мұндай тұрақты тәжірибе футболшыны әрдайым тонусте ұстайтынын айтты.

Сатпаев алдағы уақытта отбасы кейде Лондонға келіп тұруы мүмкін екенін де айтты. Ал жанкүйерлерге ол өз мүмкіндігін дәлелдеп, клубтың Премьер-лигаға шығуына үлес қосуды мақсат ететінін жеткізді. Қазақстандық ойыншы алғашқы ойынын асыға күтіп жүргенін де жасырмады.

.

Көп оқылды:

.
.