Сара Бейлек Соболенконы жеңгеннен кейін әсерін жасырмады
Чех теннисшісі Сара Бейлек Цинциннатидегі WTA-1000 турнирінің төртінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы ұтқаннан кейін пікір білдірді. Кездесу 7:6 (9:7), 6:4 есебімен аяқталды.
Әлемнің 35-ракеткасы, чех теннисшісі Сара Бейлек АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің төртінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңгеннен кейін өз әсерін бөлісті. Кездесу 7:6 (9:7), 6:4 есебімен аяқталды.
Матчтан кейінгі сұхбатта Бейлек ірі жеңістен соң сезімін сөзбен жеткізу қиын екенін айтты.
– Бұл сенің топ-10, топ-5 деңгейіндегі қарсыласқа қарсы алғашқы жеңісің, әрі сен әлемнің бірінші ракеткасын ұттың. – Менде сөз жоқ. Бұл — керемет сезім. Мен өте қуаныштымын. Иә, шынымен де сөзім жоқ, – деді Бейлек.
Енді Сара Бейлек Цинциннати турнирінің жартылай финалына шығу үшін америкалық Мэдисон Кизбен күш сынасады.
Цинциннати турнирі 13-23 тамыз аралығында өтеді. Жарыстың қазіргі чемпионы — Польша теннисшісі Ига Швёнтек.