Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде үшінші мәрте жеңіске жетті.
1/8 финалда ол ресейлік Диана Шнайдерді 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктіріп, жарыстың ширек финалына өтті. Шнайдер WTA рейтингінде 14-орында тұр.
Бұған дейін Рыбакина бұл турнирде америкалық Тейлор Таунсендті және польяк Магдалена Френхті жеңген болатын. Қазір ол Цинциннатиде сенімді ойын өрнегін көрсетіп келеді.
Айта кетейік, биылғы турнирдің жалпы жүлде қоры 7 433 076 долларды құрайды. Жеңімпаз 1 086 220 доллар мен 1000 рейтинг ұпайын иеленеді.