Үлкен теннис

Рыбакина мен Швёнтек Цинциннатиде тағы кездеседі

WTA 1000 турнирінің Цинциннати қаласындағы ширек финалында Елена Рыбакина мен Ига Швёнтек қайта жолығады. Бұл олардың Торонто финалынан кейінгі екінші кездесуі болмақ.

Әйелдер теннис қауымдастығы Цинциннатидағы WTA 1000 турнирінің ширек финалында Елена Рыбакина мен Ига Швёнтек арасындағы матчқа ерекше назар аударып отыр. Қос теннисші небәрі бірнеше күн бұрын Торонто финалында кездескен, ол ойында жеңіс польшалық спортшыға бұйырған еді.

Бұл қарсыластық Цинциннатидегі өткен маусымдағы жартылай финалдың да жалғасы іспетті. Ол кезде Швёнтек 7:5, 6:3 есебімен басым түскен.

Рыбакина ширек финалға Диана Шнайдерді 6:4, 6:4 есебімен ұтып шықты. Қазақстандық теннисші бұл ойында 8 эйс жасап, алғашқы допты ойынға енгізгеннен кейінгі 48 ұпайдың 41-ін жеңіп алды — бұл 85 пайыздық көрсеткіш. Сонымен бірге ол қарсыласының 7 брейк-пойнтын да қайтарды.

Осылайша Елена Рыбакина Цинциннатиде екінші жыл қатарынан, жалпы үшінші мәрте ширек финалға жетті. Қос спортшының кездесуі 21 тамызға қараған түні өтеді.