Испаниялық Marca басылымы әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенканың соңғы нәтижелерін дағдарыс ретінде сипаттап, оның WTA рейтингіндегі көшін жоғалту қаупі бар екенін жазды.
Мұндай пікірге беларусь теннисшісінің Цинциннати турнирінің 1/8 финалында әлемнің 35-ракеткасы Сара Бейлектен 6:7, 4:6 есебімен жеңілуі себеп болды. Бірінші сетте Соболенко тай-брейкте 5:1 есебімен алға шыққан мүмкіндігін ұстап тұра алмады, ал екінші сетте 4:1-ден кейін қарсыласына қатарынан бес гейм беріп қойды.
«Соболенконың дағдарысы WTA-дегі бірінші орнын қауіпке тіреді, ол бұл мәртебені 96 апта бойы сақтап келген», — деп жазады басылым.
Marca Соболенко 2026 жылы бірде-бір Үлкен дулыға турнирін ұта алмағанын да атап өтті. Сондай-ақ ол Канада мен Цинциннатидегі турнирлерде рейтингте өзінен әлдеқайда төмен тұрған қарсыластарына 1/8 финалда жол бергенін еске салды.
Бұл нәтиже Елена Рыбакинаға WTA рейтингінің бірінші сатысына көтерілу мүмкіндігін ашты. Қазақстан өкілі Цинциннати турнирінде финалға шықса, Соболенкодан көшбасшылықты тартып ала алады.