КФФ: қазақстандық клубтарға УЕФА-дан 7,75 млн еуро бөлінді
ҚПЛ клубтары УЕФА-ның 2025/26 маусымы қорытындысы бойынша серіктестік төлемдер алды. Қаражат балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға және клубтық дайындық жүйесін қолдауға жұмсалады.
Қазақстанның футбол клубтары УЕФА-дан 2025/26 еурокубок маусымының қорытындысы бойынша серіктестік төлемдер алды. Бұл қаражат балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға және клубтық құрылымды қолдауға бағытталады.
Төлемдер 2025 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасына қатысқан әрі УЕФА талаптарына сай келген клубтар арасында бөлінді. Жалпы сома 7 754 000 еуроны құрады.
Әр клубқа 596 461 еуродан тиді. Бұл қаржылай қолдауға «Астана», «Тобол», «Елімай», «Ақтөбе», «Жеңіс», «Ордабасы», «Оқжетпес», «Қызылжар», «Ұлытау», «Қайсар», «Жетісу», «Атырау» және «Тұран» ие болды.
Ал «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/26 маусымындағы жалпы кезеңіне қатысқаны үшін турнирден берілетін сыйақы бонусын алды.