weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Үлкен теннис 18
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ига Швёнтек Цинциннатидегі турнирде Мариа Саккариді жеңіп, 1/8 финалға өтті

Әлемнің 8-ракеткасы Ига Швёнтек АҚШ-тағы Цинциннати турнирінің төртінші кезеңіне жолдама алды. Польша теннисшісі үшінші айналымда гректің Мариа Саккариді үш сетте ұтты.

Ига Швёнтек Цинциннатидегі турнирде Мариа Саккариді жеңіп, 1/8 финалға өтті Ига Швёнтек Цинциннатидегі турнирде Мариа Саккариді жеңіп, 1/8 финалға өтті
Championat Теннис

Әлемнің 8-ракеткасы, Польша теннисшісі Ига Швёнтек АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің төртінші айналымына шықты.

Үшінші кезеңде ол рейтингте 32-орында тұрған Грекия өкілі Мариа Саккариді 4:6, 6:1, 6:1 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 58 минутқа созылды. Швёнтек осы матчта екі рет эйс орындап, алты қосарланған қате жіберді және өзі алған жеті брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.

Саккаридің еншісінде бес эйс, үш қосарланған қате және алты брейк-пойнттың біреуі ғана жүзеге асты.

Енді Ига Швёнтек келесі кезеңде Францияның Диан Парриі мен Лоис Буассон арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

.

Көп оқылды:

.
.