weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:01 / SportRoom / Үлкен теннис 4
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің үшінші кезеңіне жолдама алды

Әлемдік рейтингте екінші орын иеленетін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тағы Цинциннати турнирінің үшінші айналымына шықты. Келесі кезеңде ол поляк теннисшісі Магдалена Френчпен кездеседі.

Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің үшінші кезеңіне жолдама алды Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің үшінші кезеңіне жолдама алды
Sports.kz

Қазақстандық теннисші, WTA рейтингінің екінші сатысындағы Елена Рыбакина Цинциннатидегі «мыңдық» дәрежелі турнирдің үшінші айналымына жол тапты. Ол алғашқы кездесуде америкалық Тейлор Таунсендті (рейтингте 110-орын) 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, турнирді сенімді бастаған болатын.

Үшінші кезеңде Рыбакинаның қарсыласы — поляк теннисшісі Магдалена Френч (рейтингте 45-орын) болады. Френч екінші айналымда латвиялық Елена Остапенконы (29-орын) қатты есеппен — 6:1, 6:3 жеңіп, келесі раундқа өткен еді.

Рыбакина мен Френчтің кездесуі дүйсенбіге, 17 тамызға жоспарланған.

Биылғы турнирдің жалпы жүлде қоры 7 433 076 долларды құрайды. Жарыс жеңімпазы 1 086 220 доллар көлемінде ақшалай сыйақымен қатар, WTA рейтингіне 1000 ұпай қосып алады.

.

Көп оқылды:

.
.