weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:01 / SportRoom / Бокс 12
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әлімханұлы WBO чемпионы белдігіне ресми үміткер атанды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 нокаут) екінші орта салмақ дәрежесінде WBO ұйымының чемпиондық белдігіне міндетті талапкер мәртебесін ресми түрде алды.

Әлімханұлы WBO чемпионы белдігіне ресми үміткер атанды Әлімханұлы WBO чемпионы белдігіне ресми үміткер атанды
Sports.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 нокаут) WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағына міндетті талапкер ретінде ресми танылды.

Қазіргі уақытта бұл салмақ дәрежесінде WBO белдігін британиялық боксшы Хамза Шираз (24-0-1, 19 нокаут) иеленіп отыр.

Әлімханұлының міндетті талапкер мәртебесіне ие болуы оның Ширазбен титулдық жекпе-жекке шығу мүмкіндігін айтарлықтай жақындатты. Бұл — қазақстандық боксшының карьерасындағы жаңа салмақ дәрежесінде жасаған алғашқы ірі қадамы.

Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін орта салмақ дәрежесінде IBF және WBO чемпионы атанып, белдіктерін біріктірген еді. Енді ол жаңа салмақ санатында да чемпиондық жолға түсуге ұмтылып отыр.

.

Көп оқылды:

.
.