Үлкен теннис

Елена Рыбакина: Балалық шағымда профессионал болам деп ойламаппын

Ұлы шлем турнирлерінің екі дүркін чемпионы, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина балалық шағында әлем көшбасшысы болуды армандағаны туралы әңгімеледі.

Ұлы шлем турнирлерінің екі дүркін жеңімпазы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина баспасөз мәслихатында өзінің балалық арманы мен қазіргі жетістіктері жайлы ой бөлісті.

Журналист Рыбакинадан әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкамен арадағы рейтингтік алшақтықтың азайғанын еске сала отырып, теннисші кішкентай кезінде әлем көшбасшысы болуды армандады ма деп сұрады.

Бұл, сөзсіз, мен үшін көп нәрсені білдірер еді. Рейтингте алшақтық аз болғанымен, бұл мақсат маған әлі де алыс сияқты көрінеді, сондықтан бұл туралы аса көп ойланбаймын. Біз бәріміз бір-бірімізбен бәсекелесеміз, ал бұл тек менің көрсеткіштеріме емес, басқалардың ойынына да байланысты, — деді Рыбакина.

Спортшы балалық шағында мұндай деңгейде профессионал болатынын тіпті ойламағанын да жеткізді.

Шынымды айтсам, кішкентай кезімде мұндай деңгейде профессионал боламын деп ойламаппын да. Мен қазірдің өзінде көп нәрсеге қол жеткіздім деп есептеймін. Өте бақыттымын. Егер одан да көп жетістікке жете алсам — керемет болар еді, барынша тырысамын, әрі бұл бір күні орындалады деп үміттенемін, — деп қорытты теннисші.

Қазіргі таңда Елена Рыбакина әлемдік рейтингте екінші орында тұр және Ұлы шлем турнирларының екі дүркін чемпионы атанған.