Евгений Павлов АҚШ-та кезекті жекпе-жегінің күнін белгіледі
Қазақстандық профи-боксер Евгений Павлов (12-0, 9 нокаут) күзде АҚШ-та тағы бір кездесу өткізбек. Ринге 24 қазанда шығатыны белгілі болды.
Қазақстандық жеңілмеген боксшы Евгений Павлов (12-0, 9 нокаут) күз айында АҚШ рингіне қайта оралмақ. BoxRec.com мәліметінше, спортшының келесі жекпе-жегі 24 қазанда Мэриленд штатындағы Хановер қаласында өтпек. Қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ.
Атап өтерлігі, Павловтың алдыңғы кездесуі де дәл осы қалада 18 шілдеде болған еді. Онда ол Колумбия боксшысы Альбейро Парадеспен (14-3, 12 нокаут) бетпе-бет келіп, алғашқы раундта-ақ қарсыласын нокаутқа түсірген болатын. Осы жеңіс арқылы Павлов екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде NABA және WBC Continental Americas чемпионаттарының бос тұрған белбеулерін иеленді.
Бұл жекпе-жек «Пабло» лақап атымен танымал боксшының 2026 жылғы екінші кездесуі болды. Атап айту керек, оған дейін Евгений 2023 жылдан бері профессионалдық рингте өнер көрсетпеген еді.
Енді спортшы жаңа қарсыласымен күресіп, жеңілмеген статусын сақтап қалуды және өз санатындағы позициясын нығайтуды мақсат етіп отыр.