Нұржан Жұмабай Ташкентте екі алтын медаль мен екі рекорд жеңіп алды
Қазақстандық ауыр атлетикашы Нұржан Жұмабай Ташкентте өткен жасөспірімдер мен жасөспірім-жастар арасындағы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, екі алтын медаль мен екі Азия рекордын жаулап алды.
Қазақстандық ауыр атлетикашы Нұржан Жұмабай Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен жасөспірімдер мен жасөспірім-жастар арасындағы Азия чемпионатында керемет нәтиже көрсетті. 95 келіге дейінгі салмақ санатында өнер көрсеткен спортшы жарыстың ең жас қатысушысы болғанына қарамастан, екі алтын медаль иеленіп, екі рекорд орнатты.
Жұлқа көтеруде Жұмабай 159 келі салмақ көтеріп, осы жаттығу түрінен бірінші орынға шықты. Итеріп көтеруде қазақстандық спортшы 195 келі бағындырып, тағы бір «алтынды» еншіледі. Екі жаттығу қосындысында Нұржан 354 келі көтеріп, осы көрсеткіштер арқасында екі Азия рекордының иесі атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша Жұмабай өз жас тобында 95 келіге дейінгі салмақ санатында ең күшті спортшы деп танылды.
Айта кетейік, Ташкенттегі жарысқа қазақстандық спортшы 2026 жылғы әлем чемпионы мәртебесімен келді. Ол бұған дейін Колумбияның Кали қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында осы атаққа ие болған еді.