Үлкен теннис

Рыбакина Осакамен тарихи кездесу алдында ойларымен бөлісті

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонтодағы WTA-1000 турнирінде жапониялық Наоми Осакамен алғаш рет ресми кездесетінін мәлімдеді.

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA-1000 турнирінде жапониялық Наоми Осакамен (рейтингте 13-орында) кездесу алдында өз ойларымен бөлісті.

«Иә, біз Наомимен бірге жаттыққанбыз. Бірақ ресми матчта ешқашан кездескен емеспіз, сондықтан бұл қызық болады. Оның ойындарын талдап көруге тырысамыз. Дегенмен мен ең алдымен өз ойыныма көңіл бөлемін», — деді Рыбакина баспасөз конференциясында.

Қазақстандық теннисші ширек финалға Людмила Самсонованы (рейтингте 55-орында) жеңіп жол тапты. Кездесу 6:4, 4:6, 6:4 есебімен аяқталды. Шешуші үшінші сетте Рыбакина екі брейкпен 0:3 есебінен ұтылып тұрса да, ойын барысын өзгертіп, кейінгі жеті геймнің алтауын өз пайдасына аяқтады.

Бұл ширек финал Рыбакина үшін Канадада өткен турнирлердегі үшінші, ал WTA-1000 деңгейіндегі жарыстардағы жалпы 22-ші ширек финалы болды. 2026 жылғы маусымда ол бұл сатыға бесінші рет жетіп отыр.