УЕФА «Қайраттың» тарихи жеңісіне баға берді
УЕФА ресми сайты Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда «Қайраттың» «Мьельбюді» 1:0 есебімен жеңгенін ерекше атап өтті. Бұл алматылық клубтың турнирдегі алғашқы жеңісі болды.
УЕФА ресми сайты Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда өткен «Қайрат» — «Мьельбю» матчына қорытынды жасап, алматылық клубтың тарихи жеңісіне назар аударды.
Сайт жазуынша, «Қайрат» турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін команда екі мәрте тең түсіп, бір ойында жеңілген болатын.
Екінші таймда алаң иелері де шабуыл жасауға тырысты, алайда белсендірек қимылдаған — «Мьельбю» болды. Швед командасы бірнеше қауіпті мүмкіндік ұйымдастырды.
«Ең қауіпті сәт 77-минутта болды, сол кезде қақпа алдындағы қарбаласта Темірлан Анарбеков екі рет әрекет етіп, допты қайтарды. Басқа эпизодтарда да “Қайрат” қақпашысы жоғары деңгей көрсетті», — делінген УЕФА материалында.
Осылайша, матчтағы жалғыз голдың арқасында «Қайрат» өз алаңында маңызды үш ұпай алды. Команда Конференциялар лигасындағы келесі кездесуін 10 желтоқсанда Алматыда өткізеді, қарсыласы — румындық «Университатя».