Еркін Тапалов «Қайраттан» кететінін мәлімдеді
Алматылық клуб пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Еркін Тапалов «Мьельбюге» қарсы тарихи жеңістен кейін «Қайраттағы» соңғы матчын өткізгенін айтты. Ол командадағы жолының аяқталғанын және клубтан кететінін хабарлады.
Алматылық «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Еркін Тапалов УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда шведтің «Мьельбю» командасын 1:0 есебімен жеңгеннен кейін клубтан кететінін мәлімдеді.
Ойыннан соң Тапалов бұл жеңісті тарихи деп атап, жалпы кезеңдегі алғашқы үш ұпайға қол жеткізгеніне қуанышты екенін жеткізді. Ол сондай-ақ ауа райына қарамастан қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтты.
«Бұл менің «Қайрат» сапындағы соңғы матчым болды. Аллаға шүкір, қоштасарда гол соғуға мүмкіндік туды», — деді Еркін Тапалов.
26 қараша күні Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесуде «Қайрат» «Мьельбюді» 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды 14-минутта Еркін Тапалов соқты. Оның алматылық клубпен келісімшарты 30 қарашада аяқталады.