Күрес

Майкл Моралес Ислам Махачевке жеңілмейтінін аңғартты

Ешқашан жеңілмеген эквадорлық Майкл Моралес Ислам Махачевпен ықтимал жекпе-жек оның мансабындағы соңғы айқас болуы мүмкін екенін айтты. Ол болашақ кездесуде жасы кіші, жеңіліп көрмеген спортшы чемпиондық белбеуді тартып алатынына сенімді.

Ешқашан жеңілмеген эквадорлық Майкл Моралес (19-0) UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачевке (29-1) астарлы үндеу жолдады. Ол ықтимал жекпе-жек Махачевтің мансабындағы соңғы айқасқа айналуы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Мен Ислам Махачевке жаңа дәуір басталатынын айтқым келеді. Біздің жекпе-жек оның қоштасу айқасы болады деп ойлаймын. Белбеуді әлі ешкімнен жеңілмеген жас боецтің тартып алғанын көріп, ол өзі де мақтанса екен деймін», — деді Моралес.

Моралес пен Пратес 2027 жылғы 30 қаңтарда Торонто қаласында өтетін UFC 336 турнирінде уақытша чемпиондық белбеуді сарапқа салады. Бұл кездесудің жеңімпазы Махачевпен біріктіру жекпе-жегіне жолдама алады.

Эквадорлық спортшы UFC-дегі барлық жеті жекпе-жегінде жеңіске жетті. Соңғы үш айқасын ол бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқтаған.