Синдаров пен Гукеш әлем чемпионы атағы үшін өткен екінші партияда тең түсті
Женевада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін өтіп жатқан матчтың екінші партиясы аяқталды. Үндістандық Доммараджу Гукеш пен өзбекстандық Жавохир Синдаров тең есеппен тарқасты.
Швейцарияның Женева қаласында шахматтан әлем чемпионы атағы үшін өтіп жатқан матчтың екінші партиясы ойналды. Бұл кездесуде қазіргі чемпион, үндістандық Доммараджу Гукеш пен өзбекстандық Жавохир Синдаров бақ сынады.
Ақ фигурамен ойнаған Гукеш пен Синдаров өте дәл партия өткізді. Қос шахматшының ойын сапасы 98 пайыз деп бағаланды. 20-ходқа қарай тақтада үш мәрте қайталанған позиция тіркеліп, партия тең аяқталды.
Кездесу соңында Гукештің уақыт қоры 42 минут 13 секунд болса, Синдаровта 1 сағат 21 минут 26 секунд қалған.
Осылайша, екі партиядан кейін есеп тең — 1:1. Бұған дейін өткен алғашқы партия да тең аяқталған еді.
Үшінші партия бейсенбі, 26 қараша күні өтеді. Матч барлығы 14 классикалық партиядан тұрады.