Бокс

Аман Конысбеков Жәнібек Әлімханұлымен бірге дайындалып жатыр

Екі дүркін жастар арасындағы Азия чемпионы Аман Конысбеков Жәнібек Әлімханұлының алдағы жекпе-жегіне спарринг серіктес болды. Ол бұл жаттығудан кейін әлеуметтік желіде ортақ суреттерін жариялады.

Екі дүркін жастар арасындағы Азия чемпионы (U-22) және 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Аман Конысбеков экс-чемпион Жәнібек Әлімханұлының келесі айқасына дайындық кезінде спарринг серіктесі болды.

Қазақ жанкүйерлері оны агрессивті мәнері үшін «Қазақ Тайсоны» деп атап кеткен. Конысбеков спаррингтен кейін Әлімханұлымен бірге түскен бірнеше суретті бокс киімінде инстаграм парақшасына жүктеді.

«Брат Жанебикпен спарринг өткізіп жатырмыз», — деп жазды Конысбеков жарияланымына.

Жәнібек Әлімханұлының кәсіби көрсеткіші — 17 жеңіс, 0 жеңіліс, 12 нокаут. Бұрын орта салмақта әлем чемпионы болған қазақстандық боксшы енді екінші орта салмаққа көтеріліп, 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында жергілікті былғары қолғап шебері Якоб Банкпен (20-0, 11 КО) шаршы алаңға шығады. Бұл кездесуде WBO нұсқасы бойынша бос тұрған әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.

Аман Конысбеков қараша айының басында Таразда өткен 2026 жылғы Қазақстан чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта күміс медаль алды. Финалға дейін ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұлды 5:0 есебімен ұтып, соңғы белдесуде алматылық Нұрбек Мұрсалға төрешілердің бір ауыз шешімімен есе жіберді.