Рафаэль Надаль «Реалдың» директорлар кеңесіне ресми кірді
22 дүркін «Үлкен дулыға» чемпионы Рафаэль Надаль мадридтік «Реалдың» директорлар кеңесінің мүшесі болды. Шешім жарияланған сәтте испан теннисшісі сабырлы жымиып қана қойды.
22 дүркін «Үлкен дулыға» чемпионы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль мадридтік «Реалдың» директорлар кеңесіне ресми түрде кірді.
Бұл ұсыныс дауыс берушілердің басым көпшілігі қолдағаннан кейін қабылданды. Шешім жарияланған кезде испан теннисшісі сабырлы жымиып қана қойды.
«Чемпионат» Надальдың шешім оқылған сәттегі реакциясын көрсететін видеоны ұсынды.
40 жастағы испанның еншісінде «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі 22 жеңіс бар. Оның ішінде Надаль «Ролан Гаррос» турнирінде 14 рет чемпион атанған.
2024 жылы Рафаэль Надаль 38 жасында кәсіби мансабын аяқтағанын мәлімдеген еді. Бұған дейін ол отбасымен бірге испандық Ла Лиганың 3-турындағы «Реал» мен «Сельта» арасындағы матчты тамашалаған.