Футбол

«Қайраттың» Еурокубоктағы қарсыласы «Твенте» камбэкпен жеңіске жетті

Нидерланд чемпионатында «Твенте» өз алаңында «Виллем II»-ні 2:1 есебімен ұтты. Қонақтар алғашқы болып алға шыққанымен, хозяиндар екінші таймда таразы басын теңестіріп, соңында жеңісті жұлып алды.

Нидерланд чемпионатының 13-туры аясында «Твенте» «Виллем II»-мен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Матч 22 қараша күні Энсхеде қаласында өтті.

Үш голдың бәрі екінші таймда соғылды. 53-минутта Девин Хаэн қонақтарды алға шығарды. Алайда 59-минутта Рамиз Зерруки есепті теңестірді.

Кездесудің тағдырын 82-минутта Марко Пьяца шешті. Осы гол «Твентеге» камбэкпен жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, бірінші таймда «Виллем II» бір ойыншысынан айырылды. 43-минутта Натан Тьо-а-Он екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

Осы нәтижеден кейін «Твенте» 27 ұпай жинап, Эредивизиде екінші орынға көтерілді. «Виллем II» үш ұпаймен соңғы, 18-орында тұр.

Еске сала кетейік, «Твенте» – алматылық «Қайраттың» Лига конференцияларындағы келесі қарсыластарының бірі. Командалар 17 желтоқсанда Нидерландта турнирдің жалпы кезеңі аясында кездеседі.